Исследователи Насыров Мадияр Г.

Насыров
Мадияр Г.

Казахстан

Shakarim University

Написать письмо

2 Научные публикации

28.10.2025
Семей қаласының тарихын пәнаралық зерттеулер негізінде қарастырудың маңызы өлкетанулық ізденістермен қоса артып келеді. Осы үрдістің қатарында қала тарихымен бірге мәдениет, дін, әдебиет, өнер, экономика салаларында қызмет еткен тұлғалардың өмірі жеке зерттеу нысандарына айналды. Ұмыт болған есімдер мен белгісіз қалған қоғам …... Прочитать аннотацию
Семей қаласының тарихын пәнаралық зерттеулер негізінде қарастырудың маңызы өлкетанулық ізденістермен қоса артып келеді. Осы үрдістің қатарында қала тарихымен бірге мәдениет, дін, әдебиет, өнер, экономика салаларында қызмет еткен тұлғалардың өмірі жеке зерттеу нысандарына айналды. Ұмыт болған есімдер мен белгісіз қалған қоғам қайраткерлерінің болмысы мен мұрасын елге таныстыру, оларды ғылыми ортаға жеткізу ісі басты назарға алынды. Мақаланың негізгі мақсаты – Семейде сақталған қолжазбалар негізінде Абайдың заманындағы ғұламалардың жазба мұрасын сөйлетіп, ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы дін қайраткерлері жайлы, олардың діндарлығына қатысты жаңа ойларды ғылыми ортаға ұсыну. Семейдегі мұсылман қауымының тарихнамасын қарастыру ісінде татар халқы өкілдерінің діни және қоғамдық қызметтерін зерттеу үлкен үлес қосады. 2023 ж. Семейдің Ескі мұсылман қорымынан табылған Риза хазіреттің қабіртасы оның тұлғасын зерттеуге деген ізденістерді арттырып, жергілікті зиялы қауым арасында қызығушылық пен ғылыми пікірталас туғызды. Риза хазірет ибн Уәлидтің (1810–1876) тұлғасына қатысты деректерді топтап, оның өңірдегі қызметін саралай келе, Семейдің сол кездегі діни-қоғамдық келбетін жандандыру осы мақаланың өзектілігін ашуға негіз болды. Сондай-ақ Семейдің көне мешіттеріне архив материалдары негізінде тарихи-салыстырмалы талдау жүргізіліп, олардың қала аумағындағы атаулары қарастырылды. Нәтижесінде Риза хазіреттің медресесіне қатысты деректер мен Семейдің ХІХ–ХХ ғ. басындағы рухани-мәдени келбетін ашатын кейбір материалдарға талқылау жүргізілді.
15.09.2025
Мақалада Қарқаралы петициясына (1905 ж.) қатысқан зиялы қауым өкілі, Абыралы жерінің тумасы, ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қоғам жəне дін қайраткері Тоқмұхаммет қажы Алтынторұлының тұлғасы эпитафия жəне қолжазба мəтіндері негізінде қарастырылады. Зерттеу объектісі Тоқмұхаммет қажының тұлғасы болғанымен, негізгі екпін, сондай-ақ, деректердің …... Прочитать аннотацию
Мақалада Қарқаралы петициясына (1905 ж.) қатысқан зиялы қауым өкілі, Абыралы жерінің тумасы, ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі қоғам жəне дін қайраткері Тоқмұхаммет қажы Алтынторұлының тұлғасы эпитафия жəне қолжазба мəтіндері негізінде қарастырылады. Зерттеу объектісі Тоқмұхаммет қажының тұлғасы болғанымен, негізгі екпін, сондай-ақ, деректердің маңыздылығына, қосымша деректердің қарастырылуына беріледі. ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси-қоғамдық қозғалыстарда көтерілген ұлттық жəне құқықтық мүддені қорғау мəселелері отандық тарихта маңызды орын алатыны сөзсіз. Бұл кезеңдегі саяси-əлеуметтік үрдістердің əсері тек халықтың жадысында ғана емес, сонымен қатар архив қорларында сақталған деректерде көрініс табады. Алайда кеңестік билікпен қоса келген қудалау саясатының салдарынан халық жадысында сақталған деректер «мұра» мағынасында ұмытылу алдында қалса, кейбір жағдайда ұмытылып та жатты. Сол себепті, аға буын өкілдерінен қалған мұраны құжат негізінде жəне цифрлық нұсқада сақтау, қосымша деректерге мəн беру (фотоқұжат, қолжазба, мерзімді басылым, эпитафия, қолтаңба, естелік т.б. кездесетін деректер) – алдыңғы қатардағы зерттеу тақырыбы ретінде зерттеле беруі тиіс. Соңғы он-жиырма жылда архив қорларында жүргізілген ізденістердің нəтижесінде ұлт зиялыларына қатысты есімдер толысып қана қоймай, ХХ ғ. бірінші жартысында болып өткен ірілі-ұсақты саяси, қоғамдық, мəдени шаралардың тарихи маңыздылығы да қайта қаралды. Мысалы, құғын-сүргін құрбандарын ақтау, құнды құжаттарды қолжетімді ету, құжаттарды цифрлық нұсқаға көшіру жəне т.б. деректерді жаңа қырынан қарастыру мүмкіндігін туғызды.