Исследователи Кариева Тоты А.

Кариева
Тоты А.

Казахстан

Shakarim University

Написать письмо

2 Научные публикации

28.11.2025
Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметті талдауға және зерттеуге бағытталған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы кәсіпкерлік тарихынан мол деректер береді. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті …... Прочитать аннотацию
Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметті талдауға және зерттеуге бағытталған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы кәсіпкерлік тарихынан мол деректер береді. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті сияқты қалалар мен ірі елді-мекендер ірі сауда орталықтарына айналды. Өйткені өңір аталған кезеңде аймақтағы маңызды сауда-экономикалық орталықтардың бірі болды. Зерттеуге қаланың географиялық орналасуы, оның үстінен, су жолы да бар, сауда жолдарының өтуі және басқа аймақтармен байланысы сияқты Зайсандағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал еткен факторларды талдау кіреді. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әсер еткен саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, оның ішінде демографиялық және өңірдің ұлттық құрылымындағы өзгерістер де қарастырылды. Зерттеуде Зайсанның экономикалық өміріндегі кәсіпкерлер мен кәсіпшіліктің алатын орны, олардың қала және бүтіндей аймақтың дамуына қосқан үлестері талданды. Кәсіпкерлердің білім беру ісі, мәдениетті көтеру сияқты салаларға және т.б қатысты меценаттық қызметтеріне де ерекше назар аударылды.
15.09.2025
Мақалада Семей қаласындағы ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің қызметі талданып, олардың өңірдің ғылыми, мəдени жəне білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеуде 1902 жылы құрылған Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің рөліне ерекше назар аударылады. Бұл ұйым Статистикалық комитеттің …... Прочитать аннотацию
Мақалада Семей қаласындағы ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің қызметі талданып, олардың өңірдің ғылыми, мəдени жəне білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеуде 1902 жылы құрылған Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің рөліне ерекше назар аударылады. Бұл ұйым Статистикалық комитеттің қызметін жалғастырып, өңірдегі ғылыми зерттеулердің жүйелі жүргізілуіне негіз қалады. Оның зерттеу аясы Семей облысымен шектелмей, Сібір мен Жетісудың іргелес аумақтарын да қамтыды. Мақалада қоғам жүргізген экспедициялар мен геологиялық зерттеулердің нəтижелері сараланып, олардың өңір экономикасына, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің дамуына ықпалы талданады. Сонымен бірге, 1930-жылдары құрылған ғылыми-зерттеу станцияларының өсімдіктерді зерттеу, селекция жəне мал шаруашылығын дамытудағы қызметі, сондай-ақ өңірдегі алғашқы метеорологиялық станцияның ғылыми жəне тарихи маңызы зерделенеді. Зерттеу барысында губерниялық өлкетану музейінің, Абай мемориалдық музейінің жəне губерниялық мұрағаттың ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстары қарастырылады. Кітапхана ісінің өрістеуі, мерзімді баспасөздің таралуы жəне газет басылымдарының аймақтың білім беру мен мəдени өміріндегі маңызына ерекше мəн беріледі. Талдау нəтижесінде ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің, əлеуметтік-саяси өзгерістерге қарамастан, тарихи мұраны сақтау, ғылыми білімді кеңінен тарату жəне өңірдің зияткерлік əлеуетін қалыптастыру ісіне қосқан елеулі үлесі анықталады. Ғылыми жəне ағарту ұйымдардың қызметі өңірдің əртүрлі аймақтары мен көршілес территориялар арасындағы мəдени жəне ғылыми байланыстардың нығаюына ықпал еткендігі айқындалады.