Исследователи
О. Мұхатова
2 Научные публикации
Том 1 № 3 (2025): Shakarim Journal of History
XVI ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ-XVII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ
02.11.2025
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдағы қазақ-орыс елшілік қатынастарының тарихы талданады. XVII ғасырда екі ел арасындағы сауда, дипломатиялық байланыстар өрістеді. Мәселені тың ұстанымдар ауқымында зерделеуде XVI-XVII ғасырлар Орыс мемлекетінің елшілік материалдарын бірегей дерек ретіндегі қолдану ерекше маңызға ие. Елшілік құжаттары …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдағы қазақ-орыс елшілік қатынастарының тарихы талданады. XVII ғасырда екі ел арасындағы сауда, дипломатиялық байланыстар өрістеді. Мәселені тың ұстанымдар ауқымында зерделеуде XVI-XVII ғасырлар Орыс мемлекетінің елшілік материалдарын бірегей дерек ретіндегі қолдану ерекше маңызға ие. Елшілік құжаттары Қазақ хандығы мен Ресей мемлекеті арасындағы байланыстардың дамуы мен үзілуі туралы құнды мәліметтер береді. Бұл мәселенің советтік кезеңде зерттелгеніне қарамастан оның әлі де болса терең әрі шынайы қарастырылуға тиіс қырларын ашудың маңызы зор. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарының даму үрдісін талдау; XVI ғасырдың соңындағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерделеу; XVII ғасырдың басында қазақ-орыс қатынастарындағы уақытша тоқтауының себептерін анықтау; XVII ғасырдың соңында Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы саяси және экономикалық байланыстарының қайта жандануын көрсету. Нәтижелер. Мақалада орыс елшілері есептерінің мәліметтері бойынша XVI ғ. соңы мен XVII ғасырдағы қазақ-бұхар қарым-қатынастарының бағытын, мәнін, саяси-тарихи маңызын, ерекшеліктері мен сипаты анықталды. Орыс дипломатиялық құжаттарындағы мәліметтер Орталық Азия аймағындағы геосаяси жағдайды, тарихи оқиғалардың шынайылығын айқындауға, жаңа ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар жасауға, мүмкіндікті арттыратындығы дәйектелді. XVI ғасырдың соңынан XVII ғасырға дейінгі кезеңде Қазақ хандығы мен Орыс мемлекеті арасындағы қарым-қатынастар тұрақты және біркелкі сипатта болған жоқ. Екі елдің сыртқы саяси жағдайларының тікелей тәуелді болды. Тәуекел хан билігі кезінде орнатылған дипломатиялық байланыстар екі мемлекеттің арасындағы сауда және экономикалық қатынастардың қалыптасуына және дамуының негізін қалады. Бұл кезеңде екі тарап та өзара ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, саяси күн тәртібінде өзара байланыстарды кеңейту мәселесі қойылды. Алайда, сыртқы және ішкі саяси факторлардың ықпалымен қарым-қатынастардың дамуы тұрақсыз сипатқа ие болып, кейбір кезеңдерде қазақ-орыс қарым-қатынастары үзіліп, қайта жанданып отырды. Қорытынды. XVI–XVII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарының дамуы екі елдің саяси мүдделері мен сыртқы жағдайларының өзара ықпалдасуы аясында қалыптасты және бұл үрдіс екі мемлекеттің саяси-экономикалық байланыстарын тереңдетуге бағытталған маңызды тарихи кезең ретінде қарастырылады. Аталға мәселенің зерттелуі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарының тарихи сабақтастығын көрсете отырып, болашақта одан әрі дамуына үлесін тигізеді.
Том 1 № 1 (2024)
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ – БАРЛЫБЕК СЫРТАНОВ
28.10.2024
Аңдатпа. Жетісулық Алаш қайраткерлерінің арасында Қазақ Елінің Жарғысын - заңын жазған тұлға бар, ол – Барлыбек Сыртанов. Барлыбек Верный ерлер гимназиясында білім алған. Петербордағы Император университетінің тілдер факультетін түрік-татар және араб-парсы тілдері мамандығы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен тәмамдаған. Барлыбектің алған …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Аңдатпа. Жетісулық Алаш қайраткерлерінің арасында Қазақ Елінің Жарғысын - заңын жазған тұлға бар, ол – Барлыбек Сыртанов. Барлыбек Верный ерлер гимназиясында білім алған. Петербордағы Император университетінің тілдер факультетін түрік-татар және араб-парсы тілдері мамандығы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен тәмамдаған. Барлыбектің алған білімі, Ресей астанасында көрген-білгендері, көкейіне түйгендері оны нағыз ұлтжанды, елінің болашағы үшін күрескер-қайраткер етті. Барлыбектің елжанды, әділ, еңбекқорлық қасиеттері және терең білімі, білігі кеңсе қызметкері ретінде еңбек еткен уақытында жергілікті халықтың қамқоршысы, құқықтарын қорғаушысы атандырды. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – халқының тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш қайраткері, елінің адал перзенті, құқықтанушы Барлыбек Сыртановтың ғұмыры мен қызметін тарихи деректер негізінде зерделеу; Барлыбектің Верный ерлер гимназиясында білім алуын қарастыру; Петербор императорлық университетіндегі оқуын талдау; оның тұлға ретінде қалыптасу үрдістерін анықтау; Барлыбек дайындаған Қазақ Елі заңының мазмұнын ашу; Алаш арысының қоғамдық-саяси қызметін көрсету. Нәтижелер. Мақалада архив деректері бойынша Б. Сыртановтың балалық шағы, студенттік кезі, қызметі зерттелді. Оның өмірі мәнді, елінің, жерінің тағдырына алаңдап, халық мүддесінде қызмет етумен өтті. Барлыбек Сыртанов ХХ ғасырдың бас кезіндегі мұсылмандық қозғалысқа қатысқан. Ағартушылық идеясын таратумен де айналысты. Қарашекпенділер легін азайтуға Б. Сыртанов бар күш жігерін жұмсаған. Қорытынды. Верный ерлер гимназиясының, Петербор императорлық университеті қабырғасындағы оқуы Барлыбектің білімді әрі білікті маман болып қалыптасуына ықпал етті. Терең білімі, баға жетпес адами қасиеттері Барлыбекті ұлттық рухтың биігіне шығарды. Қазақ Елінің жарғысының авторы ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыста өшпес із қалдырды.