Исследователи
Мухаметкалиева Карлыга
2 Научные публикации
15.09.2025
Мақалада Семей қаласындағы ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің қызметі талданып, олардың өңірдің ғылыми, мəдени жəне білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеуде 1902 жылы құрылған Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің рөліне ерекше назар аударылады. Бұл ұйым Статистикалық комитеттің …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Мақалада Семей қаласындағы ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің қызметі талданып, олардың өңірдің ғылыми, мəдени жəне білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Зерттеуде 1902 жылы құрылған Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің рөліне ерекше назар аударылады. Бұл ұйым Статистикалық комитеттің қызметін жалғастырып, өңірдегі ғылыми зерттеулердің жүйелі жүргізілуіне негіз қалады. Оның зерттеу аясы Семей облысымен шектелмей, Сібір мен Жетісудың іргелес аумақтарын да қамтыды.
Мақалада қоғам жүргізген экспедициялар мен геологиялық зерттеулердің нəтижелері сараланып, олардың өңір экономикасына, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің дамуына ықпалы талданады. Сонымен бірге, 1930-жылдары құрылған ғылыми-зерттеу станцияларының өсімдіктерді зерттеу, селекция жəне мал шаруашылығын дамытудағы қызметі, сондай-ақ өңірдегі алғашқы метеорологиялық станцияның ғылыми жəне тарихи маңызы зерделенеді.
Зерттеу барысында губерниялық өлкетану музейінің, Абай мемориалдық музейінің жəне губерниялық мұрағаттың ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстары қарастырылады. Кітапхана ісінің өрістеуі, мерзімді баспасөздің таралуы жəне газет басылымдарының аймақтың білім беру мен мəдени өміріндегі маңызына ерекше мəн беріледі.
Талдау нəтижесінде ғылыми жəне ағартушылық мекемелердің, əлеуметтік-саяси өзгерістерге қарамастан, тарихи мұраны сақтау, ғылыми білімді кеңінен тарату жəне өңірдің зияткерлік əлеуетін қалыптастыру ісіне қосқан елеулі үлесі анықталады. Ғылыми жəне ағарту ұйымдардың қызметі өңірдің əртүрлі аймақтары мен көршілес территориялар арасындағы мəдени жəне ғылыми байланыстардың нығаюына ықпал еткендігі айқындалады.
Том 1 № 1 (2024)
СЕМЕЙ ӨҢІРІНІҢ АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ШЕШІМДЕР: 1920-ЖЫЛДАРДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ
29.10.2024
Бұл мақалада 1920 жылдары Семей губерниясының ауылдары мен уездеріндегі мектептерді қайта құру мен қалыптастыру процесінің тарихы қарастырылады. Зерттеу жұмысы өңірдегі білім беру жүйесінің дамуын көрсететін мұрағаттық құжаттардың, статистикалық мәліметтер мен ресми есептердің талдауына негізделген. Мақалада Халық ағарту комиссариаттарының қаулылары мен …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Бұл мақалада 1920 жылдары Семей губерниясының ауылдары мен уездеріндегі мектептерді қайта құру мен қалыптастыру процесінің тарихы қарастырылады. Зерттеу жұмысы өңірдегі білім беру жүйесінің дамуын көрсететін мұрағаттық құжаттардың, статистикалық мәліметтер мен ресми есептердің талдауына негізделген. Мақалада Халық ағарту комиссариаттарының қаулылары мен жергілікті органдарының нұсқаулықтарымен білім саласында жүзеге асқан шаралардың мазмұны ашылып, талданды. Ауылдық бірінші басқыштағы білім беретін мектептер желісінің және олардың материалдық базасының дамыту процесі қаралды. Үкімет органдарының және ауылдық қоғамдастықтың ауылдық білім берудің қалыптасуына ықпал ету дәрежесі талданды. Авторлар өңірдегі жаңа білім беру саясатының ұтымды мен осал тұстарын бірдей көрсетеді. Мақалада өңірдегі сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған бірінші басқыш мектептер, коммуна-мектебі, шаруа жастар мектебі (ШЖМ), педагогикалық курстарды құру жөніндегі іс-шаралар кешенді зерделенеді. Әсіресе, көшпелі өмір салтын ұстанатын ауылдардағы қарапайым халықтың ағарту жүйесінде туындаған қиыншылықтары жөнінде маңызды мұрағаттық деректер дәйектелінді. Халыққа білім беру мен мәдени ағартуды дәріптеуде шешуші рөл атқарған жергілікті билік пен ауылдық қоғамдастықтың қызметіне назар аударылады. Білім беру процесін ұйымдастырушылардың алдында тұрған проблемалар, оның ішінде кадрлар мен оқу материалдарының жетіспеушілігі, оқу ғимараттарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ аймақтағы білім беру жүйесінің дамуына саяси және экономикалық факторлардың әсері қарастырылды. Қорытындылай келе, кеңестік оқу-ағарту ісі ауыл тұрғындарын оқытуда ғана емес, тәрбиелеуге де арналған білім беру саласының жаңа жолын айқындай түскендігі анықталды. Кеңестік оқу-ағарту ісі өлкенің барлық аумағын қамтып, республикадағы зайырлы білім беру жүйесінің дамуының алғышарттарын қалады деген тұжырым жасалады.