Исследователи Сайранбекова Ұлжан С.

Сайранбекова
Ұлжан С.

Казахстан

Shakarim University

Написать письмо

2 Научные публикации

28.11.2025
Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметті талдауға және зерттеуге бағытталған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы кәсіпкерлік тарихынан мол деректер береді. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті …... Прочитать аннотацию
Бұл зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Зайсан өңіріндегі кәсіпкерлік қызметті талдауға және зерттеуге бағытталған. Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Зайсан қаласы кәсіпкерлік тарихынан мол деректер береді. Бұл кезеңде Шығыс Қазақстан аймағында орналасқан Семей, Өскемен, Зайсан, Көкпекті сияқты қалалар мен ірі елді-мекендер ірі сауда орталықтарына айналды. Өйткені өңір аталған кезеңде аймақтағы маңызды сауда-экономикалық орталықтардың бірі болды. Зерттеуге қаланың географиялық орналасуы, оның үстінен, су жолы да бар, сауда жолдарының өтуі және басқа аймақтармен байланысы сияқты Зайсандағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал еткен факторларды талдау кіреді. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуына әсер еткен саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, оның ішінде демографиялық және өңірдің ұлттық құрылымындағы өзгерістер де қарастырылды. Зерттеуде Зайсанның экономикалық өміріндегі кәсіпкерлер мен кәсіпшіліктің алатын орны, олардың қала және бүтіндей аймақтың дамуына қосқан үлестері талданды. Кәсіпкерлердің білім беру ісі, мәдениетті көтеру сияқты салаларға және т.б қатысты меценаттық қызметтеріне де ерекше назар аударылды.
29.10.2024
Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Семейдің шаруашылық және мәдени өмірінің дамуындағы татар қауымының рөлі қарастырылады. Татар саудагерлері мен кәсіпкерлерінің қаланың аймақтың маңызды сауда-өнеркәсіп орталығы ретінде дамуына қосқан үлесі басты назарда. Татар диаспорасының сауда, көлік, тау-кен өнеркәсібін …... Прочитать аннотацию
Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Семейдің шаруашылық және мәдени өмірінің дамуындағы татар қауымының рөлі қарастырылады. Татар саудагерлері мен кәсіпкерлерінің қаланың аймақтың маңызды сауда-өнеркәсіп орталығы ретінде дамуына қосқан үлесі басты назарда. Татар диаспорасының сауда, көлік, тау-кен өнеркәсібін қоса алғанда, түрлі салалардағы белсенділігіне ерекше назар аударылады. Татар көпестері қаланың қолайлы географиялық жағдайын пайдалана отырып, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен сауда қатынастарын белсенді дамытты, бұл аймақтың экономикалық өркендеуіне ықпал етті. Сонымен қатар, мақалада татарлардың қалаға мәдени ықпалы қарастырылған. Олардың сауаттылық пен білімді дамытудағы күш-жігері, соның ішінде мектептер мен медреселер құру, мәдени және діни бастамаларды қолдау туралы баяндалады. Татар саудагерлері мен өнеркәсіпшілері көптеген қоғамдық ғимараттар мен мешіттер салып, қаланың сәулет өнерінің дамуына айтарлықтай әсер етті. Мақалада Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени ландшафтының маңызды элементі ретіндегі татар қауымының маңыздылығы атап өтіліп, олардың көпұлтты және көпконфессиялы қалалық ортаның қалыптасуына қосқан үлесі талданады. Зерттеу нәтижесінде автор татар қауымы Семейдің интеграциясы мен дамуында шешуші рөл атқарды, бұл оның аймақтық орталық ретінде эволюциясына ұзақ мерзімді әсер етті деген қорытындыға келеді.