Исследователи Нұрғазы Қуаныш А.

Нұрғазы
Қуаныш А.

Казахстан

Shakarim University

Написать письмо

2 Научные публикации

Том 1 № 2 (2025): Вестник Университета Шакарима. Серия: Исторические науки

ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ТАРТЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

29.10.2025
Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жасалған жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекелеген көріністері талданады. Зерттеу барысында тарихи деректер, жаңа еңбектер мен зерттеулер, сондай-ақ ата-баба тарихына үңілген қарапайым азаматтардың жинаған мәліметтері негізінде жоңғар шапқыншылығына тақырыптық талдау жасалған. Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары …... Прочитать аннотацию
Ғылыми мақалада XVII–XVIII ғасырларда Қазақ хандығы жеріне жасалған жоңғар шапқыншылықтарының барысы мен жекелеген көріністері талданады. Зерттеу барысында тарихи деректер, жаңа еңбектер мен зерттеулер, сондай-ақ ата-баба тарихына үңілген қарапайым азаматтардың жинаған мәліметтері негізінде жоңғар шапқыншылығына тақырыптық талдау жасалған. Жоңғар басқыншылығының себеп-салдары мен зардаптары әлі күнге дейін толық зерттеліп, толықтай анықтала қойған жоқ. Дегенмен, бұл мәселе бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпай, қазақ халқының тарихи жады мен азаматтық парызы тұрғысынан қарастырылып келеді. Зерттеуде жоңғар шапқыншылығының кезеңдері қамтылып, салыстырмалы талдау жасалған. Ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізу арқылы зерттеушілер арасындағы пікір қайшылықтары көрсетіліп, алғашқы жазбалардан бастап кейінгі жаңа зерттеулерге дейін қысқаша тарихнамасы берілген. Көшпелі қоғам сыртқы агрессия жағдайына қарамастан, қалыпты өмір салтын сақтауға ұмтылғаны анықталады. Сонымен бірге қақтығыстардың мемлекеттік жүйенің қалыптасуы мен өзгеруіне әкелген ұзақ мерзімді салдары қарастырылып, сол кезеңдегі қолбасшылардың алдын алу шаралары, ұйымдастыру қадамдары және халықты ұйыстырудағы кемшіліктері сараланады. Зерттеудің мақсаты – жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының негізгі проблемаларын кешенді түрде талдау және олардың қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік және мәдени трансформациясына ықпалын бағалау. Жоңғар шапқыншылығына қатысты жыл сайын жаңа деректер мен зерттеу нәтижелері жариялануда. Сол материалдарды жинақтап, салыстыра отырып жан-жақты қарастыру мақала зерттеу нысанына айналған.
29.10.2024
Мақалада жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Семей – Ертіс өңірінің жоңғарларға қарсы күресі, ел басқарған хандар мен батырлардың рөлі және олардың қазақ халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, қазақ батырларының елінің тәуелсіздігі мен жерін қорғаудағы сыртқы басқыншылыққа қарсы тұруға қосқан …... Прочитать аннотацию
Мақалада жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Семей – Ертіс өңірінің жоңғарларға қарсы күресі, ел басқарған хандар мен батырлардың рөлі және олардың қазақ халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі талданады. Сонымен қатар, қазақ батырларының елінің тәуелсіздігі мен жерін қорғаудағы сыртқы басқыншылыққа қарсы тұруға қосқан ерлік істері шежіре деректеріне сүйене отырып сарапталады. Жоңғар басқыншыларына қарсы әскери қимылдарға белсене қатысқан Семей – Ертіс жауынгерлерінің әскери ерліктері, әлеуметтік рөлі мен қазақ халқының қоғамдық санаға әсері бағаланады. Мақалада шежіре, аңыз-әңгімелер, фольклор сияқты тарихи дерек көздері, сонымен қатар қазіргі тарихи зерттеулердің нәтижелері пайдаланылған. Зерттеудің әдістемелік негізі тарихи-салыстырмалы талдау, тарихи-генетикалық әдіс және жүйелік талдау әдісі болды. Зерттеу нәтижесінде Семей – Ертіс жауынгерлері қазақ халқының бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарғаны анықталды. Олар тек әскери қолбасшылар ғана емес, сонымен бірге өз отандастарын азаттық үшін күресуге баулитын рухани тәлімгерлер болды. Олардың ерліктері қазақтың ұлттық болмысының қалыптасуына және тарихи жадын сақтауға ықпал етті. Жоңғар шапқыншылығы жағдайындағы Семей – Ертіс батырларының рөліне жан-жақты талдау жасау арқылы, еңбекте алғаш рет Семей – Ертіс жауынгерлері қатысқан соғыс қимылдары туралы деректер жүйеленіп, олардың қоғамдық санаға ықпалы талданады. Зерттеу нәтижелері тарихшыларға, этнографтарға, сондай-ақ Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын қалың оқырманға пайдалы болуы мүмкін.