Исследователи
Akhmetova Raushan D.
3 Научные публикации
Том 1 № 1 (2025): Вестник Университета Шакарима. Серия: Исторические науки
The influence of exiled poles on social and cultural life of Eastern Kazakhstan inthe XIX - early XX centuries
28.11.2025
Among the representatives of different ethnic groups living in the multi-ethnic, multi-religious society of Kazakhstan, there is also a place for representatives of the Polish one. Poles first appeared on the territory of Kazakhstan in the XVIII century. They were …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Among the representatives of different ethnic groups living in the multi-ethnic, multi-religious society of Kazakhstan, there is also a place for representatives of the Polish one. Poles first appeared on the territory of Kazakhstan in the XVIII century. They were Polish rebels who were exiled by the tsarist government to the Kazakh land. The local authorities forcibly attached them to the population of Ural and Siberian Kazakhs against their will. The exiled Poles participated in the national liberation revolts in Poland against the Russian Empire in 1830-1831, 1863-1864. A significant part of them was nobles. Among the Poles were many poets and writers, artists and doctors, engineers and lawyers. The article analyzes the contribution of exiled Polish figures to the public atmosphere and cultural transformation of Kazakhstan, tells about individual representatives of the Polish ethnic group, which has contributed to the socio-economic development of East Kazakhstan. The authors conclude that the objective studying of the problem of the history of the Poles on the territory of Kazakhstan is of great scientific importance both for ethno geographical history and for the consolidation of Kazakhstani society and the consolidation of national integrity in modern conditions.
Том 1 № 1 (2024)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН БАЛАЛАР (АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
30.10.2024
Мақалада архивтік құжаттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ауыл шаруашылығын күшпен жаңғырту жүргізу салдарынан қазақ қоғамында балалардың панасыздығы сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болу себептері зерттеліп, 1931-1933 жылдардағы балалардың жағдайы, балалар мекемелеріндегі балалардың материалдық-тұрмыстық жағдайы қарастырылады. Кеңес үкіметі жүргізген күштеп ұжымдастыру, …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Мақалада архивтік құжаттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ауыл шаруашылығын күшпен жаңғырту жүргізу салдарынан қазақ қоғамында балалардың панасыздығы сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болу себептері зерттеліп, 1931-1933 жылдардағы балалардың жағдайы, балалар мекемелеріндегі балалардың материалдық-тұрмыстық жағдайы қарастырылады. Кеңес үкіметі жүргізген күштеп ұжымдастыру, седентаризация саясаты және дәстүрлі қазақ шаруашылығының жойылуы — осы факторлардың барлығы аштық пен түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан адамдардың жаппай қырылуының себептері болып, көптеген балалардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалуына әкелді. Архивтік деректерге сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы өте қиын болған. Балалар үйлері мен коммуналарда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, орын тапшылығы байқалды, ал мекемелердің жағдайы да нашар болды: олар бейімделмеген ғимараттарда орналасқан, киім, тамақ және гигиеналық құралдар жетіспеді, медициналық көмек көрсетілмеді немесе жеткіліксіз болды. Авторлар баспаналардың жағдайын нашарлатқан негізгі себептер ретінде қаржыландыру мен жабдықтауды тиісті бақылаудың болмауын атап өтті. Сонымен қатар, құжаттарда балалардың бұл мекемелерден жаппай қашу оқиғалары да тіркелген. Балалар мекемелеріндегі тәрбие мен оқу жұмыстарының мазмұнына қатысты актілерде мұғалімдердің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеушілігі туралы айтылған, бұл оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға кері әсерін тигізген. Авторлар кеңестік биліктің асығыс және қатал саясаты балалардың ауыр тағдырына әкелді деген тұжырымға келді.
Том 1 № 1 (2024)
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
30.10.2024
Шығыс Қазақстандағы этнодемографиялық және мәдени үдерістерді зерттеудің өзектілігі ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында аймақта орын алған әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер аясында айтарлықтай өзгерістермен байланысты. Бұл кезең тың жерлерді игеру, урбанизация, көші-қон үдерістері, Кеңес Одағының ыдырауы және одан …... Прочитать аннотацию Свернуть аннотацию
Шығыс Қазақстандағы этнодемографиялық және мәдени үдерістерді зерттеудің өзектілігі ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында аймақта орын алған әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер аясында айтарлықтай өзгерістермен байланысты. Бұл кезең тың жерлерді игеру, урбанизация, көші-қон үдерістері, Кеңес Одағының ыдырауы және одан кейінгі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты негізгі оқиғаларды қамтиды. Осы факторлардың барлығы халықтың этникалық құрамына, ұлтаралық қатынастарға, сондай-ақ мәдени дәстүрлердің сақталуы мен өзгеруіне айтарлықтай әсер етті. Осы үдерістерді зерттеу аймақтың қазіргі этникалық бейнесінің қалай қалыптасқанын, түрлі этникалық топтардың мәдени мұрасын сақтауда қандай қиындықтарға тап болғанын және бұл өзгерістердің Шығыс Қазақстандағы ұлттық бірегейлік пен мәдени әртүрлілікке қалай әсер еткенін түсінуге көмектеседі. Бұл аспектілерді талдау тек тарихшылар үшін ғана емес, сонымен қатар жаһандану жағдайында қазіргі ұлттық саясат, ұлтаралық келісім және мәдени ықпалдасу мәселелерін шешу үшін де маңызды.