Исследователи Atantayeva Bakyt Zh.

Atantayeva
Bakyt Zh.

Казахстан

Shakarim University

Написать письмо

3 Научные публикации

Том 1 № 1 (2025): Вестник Университета Шакарима. Серия: Исторические науки

The influence of exiled poles on social and cultural life of Eastern Kazakhstan inthe XIX - early XX centuries

28.11.2025
Among the representatives of different ethnic groups living in the multi-ethnic, multi-religious society of Kazakhstan, there is also a place for representatives of the Polish one. Poles first appeared on the territory of Kazakhstan in the XVIII century. They were …... Прочитать аннотацию
Among the representatives of different ethnic groups living in the multi-ethnic, multi-religious society of Kazakhstan, there is also a place for representatives of the Polish one. Poles first appeared on the territory of Kazakhstan in the XVIII century. They were Polish rebels who were exiled by the tsarist government to the Kazakh land. The local authorities forcibly attached them to the population of Ural and Siberian Kazakhs against their will. The exiled Poles participated in the national liberation revolts in Poland against the Russian Empire in 1830-1831, 1863-1864. A significant part of them was nobles. Among the Poles were many poets and writers, artists and doctors, engineers and lawyers. The article analyzes the contribution of exiled Polish figures to the public atmosphere and cultural transformation of Kazakhstan, tells about individual representatives of the Polish ethnic group, which has contributed to the socio-economic development of East Kazakhstan. The authors conclude that the objective studying of the problem of the history of the Poles on the territory of Kazakhstan is of great scientific importance both for ethno geographical history and for the consolidation of Kazakhstani society and the consolidation of national integrity in modern conditions.
15.09.2025
1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты …... Прочитать аннотацию
1920–1930 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылған саяси-экономикалық реформалар әлеуметтік және мәдени тұрғыда орны толмас өзгерістерге алып келді. Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты, оның ішінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаралары қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен шаруашылық құрылымын түбегейлі өзгертіп, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік тұрақсыздықты өршітті. Қазіргі таңда осы тақырып шеңберінде отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулері көптеп жүргізілуде. Олардың еңбектерінде ұжымдастырудың себептері мен салдарын талдау, сондай-ақ осы реформалардың қазақ халқының тарихи және мәдени дамуындағы терең іздеріне қатысты жаңа көзқарастар мен тұжырымдар қалыптасып отыр. Дегенмен, өңірлік деңгейде, яғни Қазақстанның әрбір аймағындағы ұжымдастыру шараларының ерекшеліктері мен жергілікті халыққа тигізген әсеріне қатысты зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Өңірлік тұрғыдан жүргізілген зерттеулердің аздығы ұжымдастыруды іске асыру ауқымы мен оның жергілікті ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік бермей отыр. Осы бағыттағы зерттеулердің артуы, жергілікті жағдайлар мен халықтың қоғамдық-саяси жағдайын нақтырақ бағалауға ықпал етері сөзсіз. Мақалада 1928–1930 жылдары Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың алғашқы кезеңі және оның Қазақстанның шығысында жүзеге асу ерекшеліктері архивтік деректер мен статистикалық материалдар негізінде талданып, ұжымдастыру саясатының аймақтық сипаттары мен салдары қарастырылады. Зерттеу барысында, ең алдымен, ұжымдастырудың себептеріне, соның ішінде мемлекетке астық өткізу жоспары аясында орын алған асыра сілтеулер, жергілікті органдардың заңсыз әрекеттері және БК(б)П ОК басшылығы тарапынан ауыл тұрғындарына бағытталған әділетсіз саясатына назар аударылған. Сонымен қатар, авторлар ұжымдастыру шараларының қазақ ауылдары мен орыс тілді тұрғындар шоғырланған аудандарға тигізген зардаптарын салыстырады.
30.10.2024
Мақалада архивтік құжаттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ауыл шаруашылығын күшпен жаңғырту жүргізу салдарынан қазақ қоғамында балалардың панасыздығы сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болу себептері зерттеліп, 1931-1933 жылдардағы балалардың жағдайы, балалар мекемелеріндегі балалардың материалдық-тұрмыстық жағдайы қарастырылады. Кеңес үкіметі жүргізген күштеп ұжымдастыру, …... Прочитать аннотацию
Мақалада архивтік құжаттар мен ғылыми еңбектерді талдау негізінде ауыл шаруашылығын күшпен жаңғырту жүргізу салдарынан қазақ қоғамында балалардың панасыздығы сияқты әлеуметтік құбылыстың пайда болу себептері зерттеліп, 1931-1933 жылдардағы балалардың жағдайы, балалар мекемелеріндегі балалардың материалдық-тұрмыстық жағдайы қарастырылады. Кеңес үкіметі жүргізген күштеп ұжымдастыру, седентаризация саясаты және дәстүрлі қазақ шаруашылығының жойылуы — осы факторлардың барлығы аштық пен түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан адамдардың жаппай қырылуының себептері болып, көптеген балалардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалуына әкелді. Архивтік деректерге сәйкес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы өте қиын болған. Балалар үйлері мен коммуналарда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан, орын тапшылығы байқалды, ал мекемелердің жағдайы да нашар болды: олар бейімделмеген ғимараттарда орналасқан, киім, тамақ және гигиеналық құралдар жетіспеді, медициналық көмек көрсетілмеді немесе жеткіліксіз болды. Авторлар баспаналардың жағдайын нашарлатқан негізгі себептер ретінде қаржыландыру мен жабдықтауды тиісті бақылаудың болмауын атап өтті. Сонымен қатар, құжаттарда балалардың бұл мекемелерден жаппай қашу оқиғалары да тіркелген. Балалар мекемелеріндегі тәрбие мен оқу жұмыстарының мазмұнына қатысты актілерде мұғалімдердің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеушілігі туралы айтылған, бұл оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға кері әсерін тигізген. Авторлар кеңестік биліктің асығыс және қатал саясаты балалардың ауыр тағдырына әкелді деген тұжырымға келді.